Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі кейінге шегерілді
Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі кейінге шегерілді
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бір авиарейс тоқтатылып, тағы бірқатар рейс қосалқы әуежайға жіберілді,– деп хабарлады «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» авиарейсі тоқтатылды. Сағат 11:00-ден 18:00 аралығындағы дауылды ескертуге байланысты жел 12 м/с-қа дейін күшейіп, екпіні 17 м/с-қа дейін жетеді деп болжанған. Сондай-ақ қосалқы әуежай Алматыға «Шымкент – Нұр-Сұлтан» рейсі және №КС7342 «Қостанай – Нұр-Сұлтан» рейсі жіберілді»,– деді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
Оның айтуынша, жолаушылар рейске қатысты толық ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімінен және әлеуметтік желідегі парақшаларынан, сондай-ақ авиакомпаниялардың колл орталықтарынан анықтап алуы қажет.