Шахматтан ел чемпионаты алғаш рет қашықтан онлайн форматта өтеді
Шахматтан ел чемпионаты алғаш рет қашықтан онлайн форматта өтеді
109
оқылды

Қазақстан шахмат федерациясы 24-26 наурыз аралығында 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санатында ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтетінін хабарлайды.

Шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты – еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам жас шахматшылар қатысатын жылдың ең басты оқиғасы. Жарыс Lichess.org ойын алаңында өтеді, ал қатысушыларды бақылау ZOOM платформасы арқылы жүзеге асады. Алаяқтықты болдырмау үшін (турнирге қатысушылардың компьютерлік бағдарламаларды немесе үшінші тарап кеңестерін қолдануы) турнирге Античитерлік комиссиясы қатысады және Fair Play Panel античитерлік бағдарламасы қолданылады. Онлайн чемпионат партияларының тікелей көрсетілімі Қазақстан шахмат Федерациясының Youtube арнасында қолжетімді болады. Жарысты танымал халықаралық гроссмейстер, комментатор Муртас Кажгалеев эфир арқылы жүргізіп отырады Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаз-спортшылардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйлық белгіленген. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 800 000 теңгені құрайды. – Қазақстан чемпионаты еліміздегі ең маңызды шахмат оқиғасы. Алдағы чемпионаттың барлық қатысушылары өз аймақтарында мұқият іріктеуден өтті. Әр санаттағы алтын медаль иегерлері онлайн Әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады, – деді Қазақстан шахмат Федерациясының Президенті Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов.