Android қосымшаларында жаппай ақау пайда болды
Android қосымшаларында жаппай ақау пайда болды
5,149
оқылды
Android қолданушыларының гаджетіндегі қосымшалар жұмысында жаппай іркіліс пайда болған, деп хабарлайды inform.kz. Google-дің Twitter парақшасында Webview жұмысындағы іркіліс Android қолданушыларда қосымшалардың жұмысында кедергі пайда болғандығын хабарлады. «Қазіргі уақытта кемшілік жойылды. Егер сізде қосымша жұмысына қатысты қиындықтар туындап жатса, онда Google Play арқылы Android System WebView және Google Chrome-ды жаңартуыңызды өтінеміз», – деді Google қолданушыларға. Android смартфонын қолданушылар телефонда ақау пайда болып, дұрыс жұмыс істемей тұрғанын айтып шағымданған болатын. Смартфондағы клиент поштасы, банкинг және Google Paу сынды қосымшылар жұмыс істемей қалған.