Руслан Курбанов Токио олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Руслан Курбанов Токио олимпиадасына жолдама жеңіп алды
159
оқылды
Шпагамен семсерлесуден Қазан қаласында аяқталған лицензиялық әлем кубогі кезеңінен соң қазақстандық Руслан Курбанов Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) бекіткен Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша әрбір қару түрінен 8 команда жолдамаға ілігеді. Оның ішінде 4 команда FIE рейтингті бойынша жоғары орналасқаны үшін лицензия алады, ал 5-16 орындағы командалар ішінен өз құрлықтарында (Еуропа, Америка, Африка, Азия/Океания) үздік атанғандар Олимпиадаға аттанады.  Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингі бойынша, Олимпиадаға тікелей жолдама алған алты спортшы белгілі. Олар - Руслан Курбанов (Қазақстан), Масара Ямада (Жапония), Гергей Шиклоши (Венгрия), Бас Вервилен (Нидерланд), Гаскон Рубен Лимардо (Венесуэла), Муссам Элькорд (Марокко). Осылайша, Қазақстан командасының қоржынындағы лицензиялар саны 45-ке жетті.