Путин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Путин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
270
оқылды

ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлаған.

Дереккөздің жазуынша, Путиннің денсаулығы жақсы, бүгін жұмысқа шығады.

«Путин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Жағдайы жақсы, 24 наурызда жұмыс істейді», – деді Песков.

Бірақ, Ресей президентінің вакцина салдырған сәті, екпенің атауы көпшілікке көрсетілмеді.

Біз бұған дейін Ресейден Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының қосымша 4 миллион дозасы жеткізілетінін хабарлаған болатынбыз.