Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтты
Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтты
124
оқылды

Дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Зарина Дияс алғашқы айналымда әлемнің 79-ракеткасы, америкалық Винус Уильямспен кездесті.

Теннисші апалы-сіңлілі Винус пен Серена Уильямстің есімдері әлемге әйгілі, – деп жазады «Қазақпарат».  Серена «Үлкен дулыға» турнирін 23 рет ұтса, оның әпкесі  Винус кезінде «Үлкен дулыға» турнирінде он рет жеңіске жетіп, рейтингте көш бастаған. Майами турнирінде бірінші ойында екі брейк жасаған Зарина Дияс алға кетті – 4:2. Содан кейін тағы бір брейк жасап, есеп 6:2 болды. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте В.Уильямс брейк жасай алды. Дегенмен Зарина қарымта қайтарып, есепті теңестірді – 4:4. Сосын тағы бір брейкпен өзі алға шықты – 6:5. Бірақ, тәжірибелі Уильямс те қалыспады – 6:6. Тартысты тай-брейкте Зарина жеңіске жетті – 7:6 (12:10). Ойын 1 сағат 30 минутқа созылды.

Енді Зарина Дияс екінші айналымда әлемнің 12-інші, осы турнирдің 11-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен жарыста бақ сынайды.