Алматыда 25 наурыздан бастап ХҚКО-ға баратын азаматтар кезекке алдын-ала жазылуы тиіс
Алматыда 25 наурыздан бастап ХҚКО-ға баратын азаматтар кезекке алдын-ала жазылуы тиіс
157
оқылды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы хабарлады.

Кезекке egov.kz порталы, egov mobile, телеграм-бот egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) қосымшалары арқылы онлайн, сондай-ақ, 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы тапсырыс беруге болады. Қызмет алушы броньдау кезінде өзінің жеке деректерін көрсетіп, өңірді, ХҚКО-ның бөлімін, келу уақыты мен күнін таңдау қажет. Алматылықтар броньдау кезінде егер көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер немесе мүгедектігі бар адамдар санатына жататын болса, жеңілдік терезесін көрсете алады. ХҚКО-ға броньдалған уақыттан 10-15 минут бұрын келу тиіс. Санитар дәрігердің қаулысы бойынша сенбі күні Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары:
  1. Алматы қаласы Алмалы аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, Байзақов к-сі, 174
  2. Алматы қаласы Бостандық аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, Алмагүл шағынауданы, 9А
  3. Алматы қаласы Әуезов аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, Жандосов көшесі, 51
  4. Алматы қаласы Медеу аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, Марков к-сі, 44
  5. Алматы қаласы Алатау аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, Нұркент шағынауданы, 5 к16-19
  6. Алматы қаласы Алатау аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы,  №2 бөлім, Бенберин, 89
  7. Алматы қаласы Түрксіб аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, Рихарда Зорге, 9
  8. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Көші-қон бөлімі Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Шұғыла» шағынауданы, 347/1
  9. Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №1 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Ақ-Қайнар к-сі, 1
  10. Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №2 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Майлин к-сі, 85
  11. Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №3 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Серіков к-сі, 6а
  12. Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №5 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Semirechye, Қайрат шағынауданы, 181-182 к2
  13. Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №6 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Ақсуат к-сі, 118
  14. Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, AVTODOM СО, Сәтбаев к-сі, 90/21