Теңіз кенішінде 36 жұмысшыдан коронавирус анықталды
Теңіз кенішінде 36 жұмысшыдан коронавирус анықталды
232
оқылды

Науқастар саны Атырау қаласы мен Теңіз кенішінде күрт көбейді.

Мәселен, 22 наурызда – 48 , ал 23 наурызда 63 науқас тіркелген.

Оның ішінде, Атырау қаласында екі тәулікте 53 адамнан коронавирус анықталған. Ал Теңіз кенішінде 36 жұмысшы коронавирусқа шалдыққан.

Сондай-ақ, Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай ауданы тұрғындарынан да ауру анықталып отыр. Жылыойда – 9, Құрманғазы ауданында 11 науқас тіркелген. Қазір 213 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда – 33, модульдік стационарда – 78, аудандардағы стационарларда 17 науқас ем қабылдау үшін оқшауланды.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 256 адам емделіп жатыр.