Ер адам көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті – видео
Ер адам көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті – видео
129
оқылды

Ол үйдің шатырына шығып, қар күреген. Оқиға 21 наурызда Алтай қаласында болған.

Altaynews.kz-тің жазуынша, көпқабатты үйдің төбесінен құлаған ер адам аман-есен. Оның видеосы instagram-дағы @osa.uka парақшасында жарияланды.   https://youtu.be/M9brmV5066c  

«Сағат шамамен 13.00-де 33 жастағы ер адам қар күреп жүріп, абайсызда құлап кеткен. Ол зардап шеккен жоқ. Дәрігерлердің көмегі қажет болмады» делінген ШҚО ПД таратқан хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, ер адам шатырдан құлағанына қарамастан, үйдің төбесіне қайта көтеріліп, қар күреді.