Сарбаздар қар құрсауында қалған 50 адамды құтқарды
Сарбаздар қар құрсауында қалған 50 адамды құтқарды
93
оқылды

Сарбаздар Нұр-Сұлтан мен қала іргесіндегі елдімекендерде боранда жолда қалған азаматтарға көмектесті.

   width=  width= Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің сұрауы бойынша наурыздың 23-інен 24-іне қараған түні 5573 әскери бөлімінің 52 сарбазы Нұр-Сұлтан – Аршалы, Нұр-Сұлтан – Қоянды тасжолында боранда далада қалған жолаушыларды аман-есен алып шықты.    width=

Әскерилер 4 техниканың көмегімен жол ашты. Таңғы сағат 5-тер шамасында қар құрсауынан 30 автокөлік пен 50-ге жуық адамға көмек көрсетілді. Олардың арасында қарттар, әйелдер мен балалар бар.