Төменгі курста оқитындарды соққыға жыққан 10 студент оқудан шығарылды
Төменгі курста оқитындарды соққыға жыққан 10 студент оқудан шығарылды
Фото: Интернеттен алынды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінің 10 екінші курс студенті бірінші курста оқитын тәлімгерлерді соққыға жыққаны үшін оқудан шығарылды. Оқу орны баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға жатақханалардың бірінде болған.
«Біз екінші курс студенттерін оқудан шығардық. Олар бірінші курста оқитын студенттерді бөлмеге кіргізіп соққыға жыққан. Бұл жағдай түнгі үш шамасында болған. Осындай дерек анықталды, өйткені бейнетаспа бар. Кадрларда таяқ жеген жігіттер бөлмеден ақсаңдап шығып келе жатқаны жазылып қалған. Келер күні медициналық бақылау кезінде оларда дене жарақаты бары анықталды. Тәртіптік комиссия мұндай әрекетке барған студенттерді оқудан шығару туралы шешім шығарды» дейді ЖОО өкілдері.
Зардап шеккен студенттер ешқайда шағымданбаған. Бүгін таңертең ҚазҰУ алдында бірнеше адам жиналып, «біз қарсымыз» деп наразылық білдірген. «Олар оқиғаның мән-жайын дұрыс білмейді. Бізде осы жанжалға қатысқан студенттердің жауабы бар. Оны кейбір оқудан шығарылған студенттердің өзі мойындады» дейді ЖОО өкілдері. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ