Ақсайда 38 жастағы әйел зейнеткерді өлтірді

Ақсайда 38 жастағы әйел зейнеткерді өлтірді

«Мой городтың» жазуынша, оқиға 18 наурыз күні болған. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 65 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйел екеуі бұған дейін де бірге ішімдік ішкен.

Бірге ішімдік ішіп отырған екеуінің арасында жанжал шығады. Ашуға булыққан әйел зейнеткерге пышақ сұққан. Бірнеше пышақ жарақатын алған ер адам есін жимастан, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Күдікті әйел бұған дейін де сотталып, түрмеде жазасын өтеп шыққан.