Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 75 жол апаты тіркелген
Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 75 жол апаты тіркелген
5,114
оқылды
Өткен тәуліктің ішінде елорда аумағында 75 жол-көлік апаты тіркелді, зардап шеккендер жоқ. Бұл жайында қалалық Полиция департаменті хабарлады. Департаменттің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығы қала көшелерінде ахуалды қиындатып жібергенімен, жағдай полиция қызметкерлерінің жіті бақылауында болған. Құқық қорғаушылар күшейтілген қызмет атқару режимінде жүмыс істеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша іс-шаралар қабылдаған. Қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетіп, көліктерін қызметтік көліктерімен тартып шығарып беріп отырды.
«Жүргізушілер барынша мұқият болып, жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты бұлжытпай сақтау қажет. Жаяу жүргіншілерден жолды белгіленген жерлерден ғана өтуді сұраймыз. Осыған байланысты, жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткелі алдында жылдамдықты барынша азайтуды, жалпыға білім беру мекемелерінің маңында аса мұқият болуды ескертеміз», – деді ведомство.