Қарағандыда көшенің қақ ортасында екі адам пышақтасып қалған
Қарағандыда көшенің қақ ортасында екі адам пышақтасып қалған
175
оқылды
Оқиға  Майқұдық шағынауданында болған. Күндізгі уақытта Майқұдық шағынауданында екі ер адам мен әйел арасында жанжал туындаған. Оқиға тұрғын үйлердің ауласында, өтіп бара жатқан адамдардың көзінше болған. Тұрғындар түсірген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.
«23 наурызда сағат 16.30-да Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны жанжал барысында 34 жастағы танысына пышақ жарақатын салған. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын ізін суытпай анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.