Үйі жоқ әйелді WhatsApp арқылы балағаттаған тұрғынды жауапқа тартты
Үйі жоқ әйелді WhatsApp арқылы балағаттаған тұрғынды жауапқа тартты
91
оқылды

ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел отбасымен бірге пәтер жалдап тұрған. Қарызы көбейгендіктен көшуге мәжбүр болған, – деп жазады altaynews.kz.

Тұрғылықты мекенжайы болмағандықтан, ол өзінің кейбір заттары мен жеке құжаттарын сол үйде уақытша қалдырған. Алайда, бірнеше күннен кейін барлық заты жоғалып кеткен. Сол үшін пәтер жалдаған әйел мен үй иесі арасында жанжал туындаған. Үй иесі WhatsApp арқылы бейәдеп сөздер айтып аудиохабарлама жібереді. Ал жәбірленуші сол хабарламаны сақтап, сотқа арызданған.

«Сот үкімімен кінәлі деп танылған әйел 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Қазіргі уақытта ол пробация қызметінде тіркеуге алынып, қоғамдық жұмыс істеу үшін әкімдікке жіберілді», – деді пробация қызметінің басшысы Мақсат Манарбеков.