Семейде алаяқ әйел 20 жастағы жігітті алдап, телефонын алып кеткен
Семейде алаяқ әйел 20 жастағы жігітті алдап, телефонын алып кеткен
123
оқылды

Айлакер әйел жас жігітті алдап, телефонын алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының ПБ Әуезов полиция бөліміне 20 жастағы жігіт хабарласып, танысы қымбат бағалы телефонын алдап алып кеткенін айтқан. Оған 260 000 теңге материалдық шығын келген. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы әйелді ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Ұрлыққа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.