Ішкі істер министрі Қордайдағы қазіргі ахуал жөнінде баяндады
Ішкі істер министрі Қордайдағы қазіргі ахуал жөнінде баяндады
© inform.kz
168
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты қабылданып жатқан шаралар жайында есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге облыстағы ахуалды қатаң бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігіне және еліміздің абыройына нұқсан келтіретін осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды. Қоғамдық тәртіпті бұзып, кісі өліміне және дүние-мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырған бұзақылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуы тиіс.