Алматыдағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен екеуі есін жиды
Алматыдағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен екеуі есін жиды

«Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен екі азаматтың жағдайы ауыр, бірақ, тұрақты. Жансақтау бөлімінде денсаулығын бақылап отырмыз. Екеуі де есін жиды», – деді Сағи Бейсенбеков.

Биыл 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақта болған 4 адам қаза тапты, 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін отставкадағы полковник ұшақ апатының себебін айтты.