Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырған дәрігердің жағдайына қатысты пікір білдірді

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырған дәрігердің жағдайына қатысты пікір білдірді

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Спутник-V вакцинасын салдырған соң коронавирусқа шалдыққан дәрігерге қатысты пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, науқасты мамандар бақылауға алған.

"Коронавирус белгілерін байқаған пациент жедел жәрдем шақырған. Модульдік ауруханада коронавирустың орташа деңгейімен 7 күн жатты.  Науқастың коронавирус жұқтырғаны туралы № 17 емханаға және СЭБД-ке хабарланды.  19 наурызда үйіне шығарылды. Емхана қызметкерлері оның жағдайын күн сайын бақылап отыр", - делінген хабарламада.
Бұған дейін алматылық репродуктолог дәрігер Иван Мельников Instagram-дағы парақшасында вакцина салдырған соң коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.