Әлемнің ТОП-500 университетіне тек үш қазақстандық ЖОО кірді
Әлемнің ТОП-500 университетіне тек үш қазақстандық ЖОО кірді
294
оқылды
2021 жылдың басында QS World University Rankings рейтингісіне тек 13 қазақстандық университет қатысты. Олардың ішінде ТОП-500-ге тек үш жоғары оқу орны кірді. Олар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Тағы 7 университет ТОП-1000 қатарына енді. Ал Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мың үздік қатарына де енбеді. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының түлектерді жұмысқа орналастыру пайызы және олардың жалақысы сияқты параметрлерді ескеретін ақпараты бойынша, елімізде белгілі бір білім беру бағдарламалары бойынша көшбасшы университеттердің көпшілігі әлемдік рейтингте мүлдем ұсынылмаған. Қазақстанда агрономия саласындағы білім беру бағдарламасы бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, сәулет саласында Халықаралық білім беру корпорациясы, жалпы медицина саласында Қарағанды медицина университеті көш бастап тұр.

Білім беру бағдарламалары бойынша көшбасшы ЖОО-лар (2020 ж.)

Білім беру бағдарламасы

ЖОО

Агрономия

М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан универсиеті

Архитектура

Халықаралық білім беру корпорациясы

Биотехнология

Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Қазақстан-Британ техникалық университеті

Журналистика

С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университеті

Логистика

Қазақ-Неміс университеті

Маркетинг

Халықаралық бизнес университеті

Халықаралық қатынастар

Қазақ-Неміс университеті

Халықаралық құқық

М.С. Нәрікбаев ат. КАЗГЮУ университеті

Менеджмент

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Жалпы медицина

Қарағанды медициналық университеті

Педагогика және психология

Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті

Аспап жасау

Satbayev University

Құрылыс

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Туризм

Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті

Есеп және аудит

М.С. Нәрікбаев ат. КАЗГЮУ университеті

Қаржы

М.С. Нәрікбаев ат. КАЗГЮУ университеті

Химия

Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті

Тізім "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараты негізінде жасалған.