Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімдерімен Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындаулар жасалды, - деп хабарлады elbasy.kz. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімдерімен: Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары; Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі; Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты: Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен; Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.