Жас анаға көмектесті
Жас анаға көмектесті
135
оқылды
Замира Нұрбаева – жас ана, Арал қаласының тұрғыны. Қызы Әдия Ермекқызы Арал аудандық емханасында есепте тұрады. Жас ана биыл 3 наурызда партияның Арал аудандық филиалына өтініш білдіріп, филиал төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мырзағұлұлының қабылдауында болды. Қызының диагнозына сәйкес «Пульмикорт» дәрісін алуға қаржылай көмек сұраған болатын. Замира Нұрбаеваның мәселесі «Nur Otan» партиясы тарапынан депутат болып сайланған Индира Жұмашева мен Махамбет Таукеевке жеткізілді. Осылайша, қайырымдылық көмек ретінде 306 000 теңге көлеміндегі қаржыға 17 қорап «Пульмикорт» дәрісі алынды. Өтініш иесі партия филиалының қолдауына ие болғаны үшін аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары  Талғат Мырзағұлұлына алғыс білдірді.