Ауызсу мәселесі қашан шешіледі?
Ауызсу мәселесі қашан шешіледі?
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов онлайн режимде тұрғындармен тілдесті.   Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылының тұрғыны Айтжан Қашағанов қабылдауда болып, Сөгеті ауылдық округіне қарасты Нұра ауылындағы ауызсу құбырына 50 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін айтып, көмек сұрады. Нұра ауылында 4 500 халық тұрады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов аталған мәселені шешу бойынша биыл Нұра ауылының сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге және құрылысына жобалық - сметалық құжаттама әзірлеуге 26 млн. теңге қаражат бөлінгенін, жобалаушы ұйым «ЭлМ» ЖШС жобалау жұмыстарын 2021 жылдың 30 мамырында аяқтауды жоспарлағанын айтты. Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылы тұрғындары атынан Айтжан Нысанбайұлы халықтың мәселесін шешу жолында еңбек етіп жатқан жандарға  алғыс білдірді.