Қостанай облысында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады
Қостанай облысында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады
108
оқылды
Қостанай облысында 23 наурыздан бастап 1 мамырға дейін жүк көлігінің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды  «Қазақавтожол» ЖШС баспасөз қызметі. «Қазақавтожолдың» хабарлауынша, жеке білікке 8 тоннадан астам жүктеме түсетін автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
«Шектеу халықаралық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларда жұмыс істейтін, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін, багажды, дәрі-дәрмек тасымалдайтын, сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөлік құралдарына қолданылмайды», – деп хабарлады «Қазақавтожол».
Қостанай облысында шектеу 1 мамырға дейін сақталады.