Екі айда 45,6 миллиард теңге жәрдемақы төленді
Екі айда 45,6 миллиард теңге жәрдемақы төленді
94
оқылды

Биыл екі айда көпбалалы отбасыларға 45,6 миллиард теңге жәрдемақы төленді. Қаңтарда орта есеппен 433,6 мың отбасы қамтылды. Ал ақ­­­панда жәрдемақыны 436,9 мың отбасы алды. Ақпандағы жалпы сома 23,1 млрд теңге болды.

Аталған мемлекеттік жәр­­­демақыға 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан беріледі. Биыл жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 81 852 теңгеге (7 бала) дейін төленеді. 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге беріледі.

Н.БАҚЫТ