Заңсыз кредит рәсімдеген банк қызметкері ұсталды
Заңсыз кредит рәсімдеген банк қызметкері ұсталды
110
оқылды

Қарағанды қаласында банк қызметкері өзге адам­­дардың атынан ин­­тернет ар­қылы несие рәсімдеген.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, шұғыл іздестіру нәтижесінде Қа­рағанды облыстық Полиция департаментіне қарасты Кри­­­­­миналдық полиция басқар­­ма­сының қызметкерлері 27 жас­­­тағы ер адамды ұстады. Оның банк қыз­­меткері екені анықталды. Тер­­геу кезінде оның интернет арқылы үш рет алаяқтық жасағаны анық­талды. «Оның адамдардың жеке мә­ліметін алуға мүмкіндігі болған. Өзі жұмыс істейтін банкте ғана емес, басқа да микрокредиттік ұйым­­­дарда заңсыз кредит рә­сім­деген. Шығынның жалпы со­масы – 4 мил­­­лион 770 теңге», – дейді полицейлер. Бұдан бөлек, полицейлер 31 жастағы тағы бір ер адамды ұс­тады. Ол да банк қызметкері. Бірақ басқа жерде жұмыс істейді. Алаяқ мерзімі өтіп кеткен кре­­диті бар азаматтарға «көмек беремін» деп бірнеше адамды алдап кеткен. Полицейлердің айтуынша, қа­зір заңсыз кредит рәсімдеудің он екі фактісі анықталды. Шы­ғынның жалпы көлемі 12 миллион теңге болды. Күдікті қамауға алынды.

Н.БАҚЫТ