Эмирдің еміне қаржылай көмек көрсетілді
Эмирдің еміне қаржылай көмек көрсетілді

Осыған дейін әлеуметтік желілерде 1 жас 10 айлық бала Эмир Шахмаровтың есімді сирек кездесетін аса қатерлі дертке шалдығып, еміне қомақты қаржы керегі жария болған. Баланың анасы Сабина Даулетқалиева қаңтар айында «Nur Otan» партиясынан Эмирдің емі үшін қолдау көрсетуді сұраған еді. Партия Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғынының өтінішін жауапсыз қалдыр­мады.

Эмирдің диагнозы – екінші деңгейдегі жұлын бұлшықетінің атрофиясы. Бұл аурудан айығу үшін Америкада өндірілетін, құны 1 млрд теңге тұратын «Зол­генсма» дәрісінің 1 инек­циясын 2 жасқа дейін алса жеткілікті. «Nur Otan» партиясы БҚО фи­лиалы тарапынан Денсаулық сақтау министрлігіне өтініш иесінің ұлына көмектесу үшін арнайы хат жолданған болатын. Алайда министрлік жа­ғынан мұндай ауруға шал­дық­қандар­дың елімізде ресми түрде тір­келген нәтижелі көрсеткіші бар дәрі-дәрмекпен емделетіні туралы жауап келді. Бұдан кейін облыстық филиал жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері Эмир үшін Көрісу күні қарсаңында ұлттық ойыннан қайырымдылық спартакиада­сын ұйымдастырды. 12-14 нау­рыз аралығында өткен бұл шараға «Nur Otan» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісов демеушілік жасады. Спар­такиа­даға 10 команда қатысып, шара қайырымдылық мақсатында өткеннен кейін әр команда жар­на төледі. Барлық жарна мен жеңімпаздардың ақшалай жүлде қорлары (500 мың теңге) Эмир­дің ата-анасының есепшотына аударылды. 14 наурыз күні облыстық филиалдың партиялық бақылау комиссиясы, «Арман-Орал» қайырымдылық қоғамдық қоры, Құрманғазы атындағы му­зыкалық колледж, Орал қала­сының еріктілері мен кәсіп­керлердің қолдауы арқылы «Эмир Живи» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат баланың ата-анасына табысталды. Сонымен қатар жақында «Nur Otan» партия­сы­ның қатарына қосылған облыс­тық филиал жанындағы сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес­тің мүшесі, ерікті, «Ақ­жайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің белсендісі Серік Мұқашев Эмирдің еміне деп арнайы 1 миллион теңге аударды. Эмирдің ата-анасы кі­ші­гірім болса да көрсетілген кө­мектің барлығына риза екенін жеткізіп отыр. Қазақстанның әр өңірінен қолдау білдіріп жатқан азаматтардың көптігіне қуа­нышты. Партия тарапынан демеу болып, қайырымдылық шараларды ұйымдастырғандарға алғыс айтуда.

Мадияр ТӨЛЕУ