Жапонияда Олимпиада алауы эстафетасы басталды
Жапонияда Олимпиада алауы эстафетасы басталды
113
оқылды

25 наурыз күні Жапонияның Фукусима қаласында Токио Олимпиадасының алау эстафетасы басталды. Олимпиада алауы 121 күн бойы Жапонияның 47 префектурасын аралайды. 

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, алау эстафетасы Фуку­симадағы футболдан жаттығу ала­ңын­да басталды. Тарихи сәттің дәл осы жерде басталғанында үлкен мән бар. Өйткені Фукусима 2011 жылы жер сілкінісі кезінде қатты зардап шек­кен аудандардың бірі.  «Үміт  жо­лымызға жарық береді» деп ата­латын ұран Жапонияның жайын суреттеп, әлемді жайлаған індет кезіндегі жалпыхалықтық  ұранға айналғандай. Алауды алға алып жүру 2011 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған футболшы Адзус Ивасимидзуге бұйырды. Мұнда да астар бар. Өйткені аталған жылы футболдан әйелдер арасында өткен чемпионат  жер сілкінісінен есеңгіреп қалған елдің рухын көтер­ген. Жалпы, 121 күн бойы  10 мың  факел ұстаушы Жапония жеріндегі алау эстафетасына қатысады. Көпшілік  алау құтысының ерек­ше дизайнына  назар аударды. Алтын және қызғылт түсті құты жапон көк­темі­нің белгісі саналатын шиенің гүл­дейтін кезеңін еске түсіреді. Ал құтының шамамен 30%-ы  2011 жыл­ғы жер сілкінісі мен цунамиден ке­йін уақытша үйлерде пайдаланып, өңделген алюминийден жасалды. Айта кетерлігі, Олимпиада алауы 2020 жылы 20 наурызда Жапонияда тұтанған еді. Токио Олимпиадасы кейінге шегерілгендіктен, алау бір жыл бойы мұражайда жанып тұрды.

Айбике ЖАНАСЫЛ