Волонтерлер шай мен бауырсақ ұсынды
Волонтерлер шай мен бауырсақ ұсынды

Елорда әкімдігінің хабарлауынша,  волонтерлер қар күреп жүрген қызмет­керлерге ыстық шай мен ба­уырсақ таратты. Бұл шара «Қа­йырымды істер марафоны» ая­сында өткен.

Волонтерлер ыстық шай мен бауырсақ таратып қана қоймай, қар күреуге көмектескен. Санитарлық қызметкерлердің айтуынша, олар ауа райына қарамай, бес сағаттан бері қар күреген. Жастардың осын­дай әрекетіне риза болған қызмет­керлер әлденіп, бойы жылын­ғанын жеткізген. Жалпы, 25 наурыз күні елорда  көшелерінің қарын күреуге 2 000-ға жуық жұмысшы мен 1 400-ден астам техника жұмылдырылды. Өткен тәу­лікте қаладан 100 мың текше метрден аса қар шығарылды.

  А.АЙДАРҚЫЗЫ