Марқұмның туыстары #НемолчиKZ қорына оқиғаның жантүршігерлік мән-жайын айтты, – деп хабарлады Tengrinews.kz.
Дереккөздің жазуынша, Аяжан «Сымбат» академиясында 4-курста оқып жүрген. Оның жеке коллекциясы мен интернет дүкені де болған. Одан бөлек, Аяжан сұлулық салонында жұмыс істеген.19 наурызда Аяжан жұмыстан 20.48-де шығып, жатақханаға оралмаған. Оны сүйіктісі мен құрбылары іздей бастаған. Таңға жуық олар жоғалып кеткені туралы хабарды Аяжанның туыстарына жеткізген. «Ер адам Аяжанды жатақхананың алдында күтіп тұрған, сосын хабарласқан. Содан кейін Аяжан не басқа біреу сағат 23.00-де «Шығып келе жатырмын» деген. Содан кейін онымен байланыс үзілді. 20 наурызда таңертең іздеу жұмыстары басталды. Туыстары сағат 12.00-де полицияға хабарласқан, бірақ ол жерде митингіге байланысты жұмыс көп болғандықтан бастапқыда арызды қабылдамай қойған. Сосын достары мен еріктілер қосылды. Олар такси қызметтеріне хабарласа бастады. Аяжанның ағасы сағат 15.00-де 102-ге хабарласып, қарындасының жоғалып кеткенін айтты, сосын оларды шамамен сағат 17.00-де Аяжанның жұмыс орнына шақырған» делінген #НемолчиKZ жазбасында. Артынша 21 наурызда еріктілер Аяжанды қайда апарғаны туралы айтқан inDriver жүргізушісін тапқан. Ол такси жүргізушісіне Руслан есімді жігіт тапсырыс бергенін айтқан. «Мекенжайды полицияға берген. Сосын оны абоненттік номердің базалық станция бойынша іздей бастайды. Шамамен сағат 23.00-де мекенжай бойынша келген. Ол жерде полицейлер жүрген, туыстарын кіргізбей қойған. Одан бөлек, екі жедел жәрдем көлігі тұрған. Пәтерден үсті-басы қан ер адамды шығарып, жедел жәрдеммен алып кеткен. Артынша жедел уәкіл ол жерде қыздың жоғын айтып, марқұмның туыстарынан таңертең полиция бөлімшесіне келуді сұраған. 22 наурызда шамамен 12.00-де Аяжанның туыстары полиция бөлімшесіне келіп, куәлік еткен. Оларға Аяжанды 21 наурызда кешкі уақытта тапқанын ешкім айтпаған. Бір кезде Аяжанның ағасы Instagram арқылы оның өлі табылғаны туралы хабарды оқып қалған. Ол таңғалып, полицейлерден түсіндіруді сұраған. Полицейлер бұл хабарды қалай жеткізерін білмегенін айтқан. Аяжанның апасы, әпкелері, анасы мен әкесі де бұл туралы жаңалықтардан естіген» делінген жазбада. «Аяжан қатыгездікпен өлтірілді. Ол бөлшектелген күйінде табылған. Қылмыскер тез әрекет еткен, марқұмның туыстары ол жалғыз құрбан болмауы мүмкін екенін айтады. Ол бір тәуліктің ішінде Аяжанның денесін бөлшектеп тастаған. Оқиғаның мән-жайы жантүршігерлік болғаны соншалық, ол туралы жазу да мүмкін емес. Егер Аяжанды туыстары мен еріктілер белсенді іздемегенде, оны таппауы да мүмкін еді», – деп жазды Дина Таңсәрі. Марқұмның ағасының сөзінше, күдіктінің жоғары медициналық білімі бар. «Сол күні оны полиция тауып алған, күдікті тамақ тұсына пышақ салып алған. Оны жедел жәрдем алып кетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Аяжанның туыстары «күдіктінің басқа да құрбандары болуы мүмкін» деп қоғамға үндеу жасады. Ал күдікті «психикалық ауру» деп жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқып отыр. Олар күдікті жасаған қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы керегін айтады» делінген «Не молчи.kz» жариялаған жазбада.«Туыстарында оның неліктен ер адаммен кездескені туралы бірнеше нұсқа бар. Оның бірі интернет дүкенімен байланысты. Оның туыстары Аяжан ер адаммен танысу мақсатында кездескені туралы нұсқамен келіспей отыр. Себебі, Аяжанның сүйіктісі болған», – дейді «Не молчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі.
Бұған дейін Алматыда 19 жастағы қыздың мәйіті табылғанын, күдіктінің ұсталғанын жазған болатынбыз.