Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
5,092
оқылды
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
"Жексенбі күні, 28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар елордада жүрмейтіндігі туралы естеріңізге саламыз. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар қалыпты режимде жүреді. ⠀ Бетперде тағу міндетті. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. ⠀ Жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.