Билл Гейтс коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Билл Гейтс коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
140
оқылды

Microsoft  негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясы 2022 жылдың соңына қарай аяқталатынын айтты. Миллиардердің пікірінше, коронавирустың таралуын вакцинация тоқтатады. Бұл туралы ол TVN24  телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Билл Гейтс бүкіл әлем коронавирустан құтылмайынша шектеу шараларын сақтауға мәжбүр болады деп есептейді.

"2021 жылдың соңына дейін вакцинациялау деңгейі жоғары болатындықтан, індетті жұқтырғандар саны азаяды. Бүкіл әлемде коронавирус жойылып болғанша маска тағу және көпшіліктің жиналуына  тыйым салу секілді шектеу шаралары сақталатын болады", - деді ол.

Билл Гейтстің болжамынша, әлем халқы қалыпты өмірге 2022 жылдың соңына қарай оралады. Бұған дейін Ұлыбританияның бас иммунологы Мэри Рамзидің коронавирусқа қатысты айтқан болжамын жазған болатынбыз.