Жалған ақшаны қалай анықтауға болады?
Жалған ақшаны қалай анықтауға болады?

Елімізде көбіне 2000 мен 5000 теңге қолдан жасалады екен. Жалған ақшаның жалпы көлемінің 42,5 пайызын 2000 теңгелік купюра құраса, 37,6 пайызы – 5000 теңгелік банкноттар.

Сонымен қатар жалған банкноттың ең көп мөлшері – Алматыда, ал ең азы Қазақстанның батыс облыстарында тарағаны анықталған. Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған банкноталардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 38% азайғанын мәлімдеді. Себебі, қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер жалған ақша жасаушылардың жолын жабуда. Өйткені олар жалған ақшаны негізінен базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде сатады.

– Жалпы, осы жылдың 11 айында Ұлттық банк 1727 күмәнді банкнот пен монеталарды сараптамаға қабылдап, оның ішінде 972 банкнот пен монетаны жарамды ақшаға айырбастады. 2019 жылдың осы уақытында 3 971 күмәнді банкнот пен монета сараптамаға қабылданып, 3 188 банкнот пен монета жарамды ақшаға ауыстырылды.

Атап өтетін жайт, Ұлттық банктің барлық филиалы номиналы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында айналымда жүрген және заңды төлем құралы болып саналатын ұлттық валютадағы төлем банкноттары мен монеталарын қабылдай береді, – дейді ҚҰБ Қолма-қол ақша айналымы департаменті  банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішев.

Оның сөзінше, жарамдылығын жоғалтпаған және Ұлттық банк белгілеген банкноттар көлемінің кемінде 70% сақтаған шынайы банкноттар төлем құралы болып есептеледі. Ал төлем құралының белгіленген көлемінің 70%-дан астамын жоғалтқан банкнот пен монеталар күмәнді болып саналады. Сондай-ақ шынайылығын анықтауда қиындық туғызатын бүлінген немесе бұрмаланған ақша белгілері де осы санатқа жатады екен.

«Егер банкнот Ұлттық банк белгілеген көлемінің 50%-дан астамын ақтап қалса, онда бұндай ақшаны ҚҰБ филиалдары шынайылығы мен төлем қабілетін анықтау үшін сараптамаға алады. Сараптама шын ақша деп таныған банкноттар айналымдағы жарамды ақшаға айырбасталады. Айырбастау үшін қосымша ақы алынбайды» деді ол.

Сонымен жалған ақшаға алданып қалмас үшін маман өз кеңесін берді.

жалған жалған [caption id="attachment_123010" align="alignnone" width="2139"]жалған ©Жұмабек Айқын[/caption]