Қазақстанға келетін Франция құрамасының тізімі белгілі болды
Қазақстанға келетін Франция құрамасының тізімі белгілі болды
126
оқылды
Франция құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстанмен кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Франция құрамасы бүгін Нұр-Сұлтанға ұшып шықты. Тізімде есімі әлемге әйгілі футболшылардың барлығы дерлік бар. Франция құрамасының толық тізімі: Қақпашылар: Уго Льорис («Тоттенхэм»), Стив Манданда («Марсель»), Альфонс Ареоля («Фулхэм»), Майк Меньян («Лилль») Қорғаушылар: Ферлан Менди («Реал»), Люка Динь («Эвертон»), Преснель Кимпембе (ПСЖ), Лео Дюбуа («Лион»), Клеман Лангле («Барселона»), Люка Эрнандес («Бавария»), Курт Зума («Челси»), Рафаэль Варан («Реал»), Бенжамен Павар («Бавария»). Жартыай қорғаушылар: Поль Погба («Манчестер Юнайтед»), Усман Дембеле («Барселона»), Адриен Рабьо («Ювентус»), Мусса Сиссоко («Тоттенхэм»), Тома Лемар («Атлетико»), Танги Ндомбеле («Тоттенхэм»), Кингсли Коман («Бавария»). Шабуылшылар: Килиан Мбаппе (ПСЖ), Антуан Гризманн («Барселона»), Оливье Жиру («Челси»), Антони Марсьяль («Манчестер Юнайтед»), Виссам Бен-Йеддер («Монако»). Қазақстан – Франция матчы 28 наурызда 19:00-де басталады.