Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды
96
оқылды
"Қазгидромет" еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды 27 наурызда Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Қостанай қаласында 27 наурызда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. 27 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Көкшетау қаласында  түнде және таңертең тұман күтіледі. 27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавл қаласында ертең күндіз көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.