Жамбыл облысында шопан 61 жылқы мен 169 қойды сатты деген күдікке ілінген
Жамбыл облысында шопан 61 жылқы мен 169 қойды сатты деген күдікке ілінген
113
оқылды
Жамбыл облысында шопан 61 жылқы мен 169 қойды сатты деген күдікке ілінді, – деп хабарлады Polisia.kz. 2021 жылдың 15 наурызында Байзақ ауданының полиция бөліміне Тараз қаласының тұрғыны фазендадан ірі қара және ұсақ малдардың жоғалғаны туралы арызданған. Полиция басқармасының мәліметінше, 2020 жылдың қараша айынан бастап малдар шопанның бағуымен Байзақ ауданындағы жайылымда болған. 12 наурызда ол фазендаға келіп, 61 жылқы мен 169 қойдың жоқ екенін көрді. Жәбірленушіге келтірілген залал 36 миллион 680 мың теңгені құрайды. 40 жастағы шопан  ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.