Франция құрамасы Қазақстанға келді
Франция құрамасы Қазақстанға келді
230
оқылды
Футболдан Франция ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің Қазақстанмен кездесуі үшін Нұр-Сұлтанға келді. Франция футбол федерациясы Twitter-де команданың келген сәтіндегі суреттерімен бөлісті. «Дидье Дешам және оның ойыншылары Қазақстанға келді», – делінген фотосуреттің жазбасында. https://twitter.com/equipedefrance/status/1375501167636193291?s=20 Еске салайық, Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы матч 28 наурызда «Астана Аренада» өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 18:50-де басталады.