Одақтың құжатын талқылайды
Одақтың құжатын талқылайды
109
оқылды

Мәжіліс депутаттары келесі аптада Еуразиялық одақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты келісімді қарайды. Бұл жайында Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палата бюросында мәлім болды. Жиында Мәжілістің алдағы жалпы отырысының күн тәртібі жобасы қалыптастырылды.

Бюро отырысында анық­талғандай, ЕАЭО-ның тех­­­ни­калық регламентінде талап­тар белгіленбеген өнімнің ЕАЭО шең­беріндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қа­ғидалары туралы келісімді ра­тификациялайтын заң жобасы келесі сәрсенбіде депутаттар қа­рауына ұсы­нылмақ. Құжат одақтың техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген және мемлекеттердің заңнамасына сәйкес міндетті қауіпсіздік талабы белгіленбеген өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Күн тәртібінің жобасына, сондай-ақ «Квазимемлекеттік сек­тордың жекелеген субъек­тілерінің сатып алуы туралы» заң жобасы және оған ілеспе заң жобасы енгізілді: депутаттар бұл құжаттарды екінші оқылымда қарауы қажет. Егер мақұлдаса, жобалар Сенатқа жолданады. Сонымен қатар отырыста же­­­­­­­­­тінші сайланған Мәжіліс пен шетелдердің парламенті ара­сын­­­дағы ынтымақтастық жөнін­дегі топтардың құрамына қатыс­ты мә­­­­селе қаралды.

Елдос СЕНБАЙ