Сыныпта бетпердесіз отыра алады
Сыныпта бетпердесіз отыра алады
92
оқылды

Оқушыларды 40 минут бойы бетперде тағып отыруға мәжбүрлеу – қиын. Бұл ту­ралы Орталық коммуни­ка­ция­лар қызметінде өткен IV тоқ­сандағы оқу форматы туралы брифингте айтылды.

«Еліміздің бас санитар дә­­­ріге­­рінің 25 наурызда қабылдаған қаулысы «жасыл» және «сары» аймақтағы мектептерге ғана қа­­­тысты. Осыған байланысты «Сы­ныпта бетперде тақпай оты­руға болады» деген шешімнің «қызыл» аймақта орналасқан мектептерге қатысы жоқ», – дейді ДСМ Сани­тариялық-эпидемио­­­логия­лық бақы­­лау комитетінің Та­мақтану, білім және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-ги­гиеналық бақы­­­лау және қадағалау басқар­масы­­ның бас­шысы Марал Рақым­жанова. «Тамақтанатын жерде бетперде шешіп отыруға болатыны сияқты, сабақ оқып отырған кезде де бет­перде шешіп отыруға болады. Бі­­­рін­­шіден, әр сабақ әрі кетсе 40 минутқа созылады және әр пән­нен кейін үзіліс болып отыра­­ды», – дей­ді ол.

Исмаил ҚУАНЫШ