Аспалы жол қоғамдық көлікке айнала ма?
Аспалы жол қоғамдық көлікке айнала ма?
160
оқылды

Алматы агломерациясы таяу жылдары қалай дамиды? Оның қала тұрғын­да­рына әсері қалай болмақ? Негізі, қа­­ла дамуының 2050 жылға дейін­гі жо­басы жасалған. Одан бері алсақ, 2030 жылға дейін­гі даму жоспары тағы бар. Қа­зір жиі ауызға алынатын екі жоба – «Жаңа Алматы» («Шетсіз қала») мен «Үл­­кен Алматы» (агломерация). 2019 жы­лы нақты, таяу мер­зім­де іске асы­рылу­ға тиіс 3 жыл­дық жоспар бекітілген. Осы жоба-жоспарға сай қа­ла­ның шы­ғындары да есептеледі. 

Бұл жоба-жоспардың бәрі қа­ла тұрғын­дары­ның өмір сүру сал­тын жеңілдету, оларға ба­рынша қо­­­лайлы жағдай жасау мақ­саты­нан туған. 2030 жылы Алматы агло­мерациясындағы халық 5 миллионға жетеді деген болжам бар. Елі­міздің қаржы және рухани орталығы са­на­латын әсем шаһарды мекендегісі келетіндер көп. Мұнда ЖІӨ-нің бестен бір бөлігі, салық­тар­дың төрттен бір бөлігі, банктердің несие порт­фелінің 60%, елдің сауда операция­ла­ры­ның 40%-дан астамы қалыптасады. Қазақ­стан­дағы ең ірі салық төлеуші компаниялардың үш­тен бірі, 30-дан астам трансұлттық ком­па­ния­лар, банктің бас кеңсесінің 86%-ы, бір­лескен ірі халықаралық ұйымдардың 43%-ы ор­наласқан. Әлемдегі көптеген мегаполис сияқ­ты Алматы тұрғындары да қоршаған ор­таны жақсартудың өзекті мәселелерін шешу, жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, қауіп­сіздікті арттыру, әлеуметтік, инженерлік, кө­ліктік инфрақұрылымды дамыту үшін ре­сурстардың жетіспеушілігін сезінетін кезі жиі болады. Осыдан біраз бұрын 2050 жылға қарай Қа­зақ­стан халқының 25 пайызы Алматы агло­мера­циясында тұратыны айтылған. Сол кезде Электронды үкімет порталында Алматы агло­ме­рациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы жайлы жаңа құжат жарияланды. Бұл құжатта Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар ауданы, Қапшағай қалалық әкімдігі кі­ретін Алматы агломерациясына түсінік бері­леді. Жалпы, Алматы агломерациясының ау­ма­ғында 5 қала және 5 ауданның 183 ауылдық елді мекені орналасқан. Қарасай және Талғар аудандарының аумақтары агломерация құра­мына толығымен кірді. Алматы қалалық Жоспарлау және урба­нистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, қазір халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында шаһардың бас жоспары әзірленіп, қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр. Өткен жылы Алматы агломерациясының 2030 жылға дейінгі даму жоспары бекітілді. Бірінші кезекте қаланың шет аудандарындағы және солармен шек­ара­лас жатқан Алматы облысына қарасты елді ме­кендердегі әлеуметтік-экономикалық мә­селелерді шешуге басымдық берілген. Бас жос­парды жүзеге асыру үшін бір триллион тең­геге жуық ақша керек. Бұл – жалпы инф­рақұрылымның құны.

Алдағы уақытта тасымал және экологиялық мәселені шешу үшін троллейбус бағыттары да көбейе түспек. Троллейбуспен жаңа бағыттар бойынша қатынас жасауға мүмкіндік туады. Ал метрополитен жайына келер болсақ, 2030 жылға дейін тек бір желіні іске қосу жоспары бар. Батыс бағыты бойынша тағы үш станса іс­ке қосылады. Солтүстік бағыт бойынша 9 стан­са салу жоспарланған.

Бас жоспарда қай жерде қандай құрылыс, жол түсетіні айдан анық көрсетіледі. Қала да­муының бас жоспары талқыланған онлайн жиын­да тағы бір қызық, көпшілік күтпеген жайт айтылды. 2030 жылға қарай мегаполисте елі­мізде тұңғыш рет аспалы жол қоғамдық кө­лік ретінде қолданысқа енуі мүмкін. Бұл жаңалықты көпшілікке «Алматыбасжоспар ҒЗИ» директорының орынбасары Алтай Са­тыбалдиев айтты. Негізі, аспалы жолдар тә­жірибесі көптеген елде бар. Бұл – жолаушы та­сымалы мәселесін шешу үшін қолданылатын әдіс. Мұндай тасымал түрі экологиялық, жо­ғары деңгейде автоматтандырылған, сондай-ақ ешқандай орын алмайтынымен тиімді. Алда­ғы жылдары Алматыда осындай бірнеше бағытты енгізу жоспарланып отыр. Бірінші ба­ғыт – Үлкен Алматы өзені бойымен – Сай­ран көлінің оңтүстік жағалауынан  Mega СОО маңындағы эко-бекетке дейін. Екінші бағыт – М.Әуезов атындағы ұлттық академиялық драма театрынан «Сұңқар» шаңғы трамплині ке­шеніне дейін, үшінші бағыт – Кіші Алматы өзе­нінен Республика сарайы мен Көктөбені қо­са алғанда соңғы аялдама «Медеу» спорт ке­шені. А.Сатыбалдиевтің айтуына қараған­да, ас­палы жол қоғамдық көлік ретінде де, сон­­дай-ақ туристік бағыт ретінде де қол­да­ныл­мақ. Алдағы уақытта тасымал және экологиялық мәселені шешу үшін троллейбус бағыттары да көбейе түспек. Троллейбуспен жаңа бағыттар бойынша қатынас жасауға мүмкіндік туады. Ал метрополитен жайына келер болсақ, 2030 жылға дейін тек бір желіні іске қосу жоспары бар. Батыс бағыты бойынша тағы үш станса іс­ке қосылады. Солтүстік бағыт бойынша 9 стан­са салу жоспарланған. «2025 жылға дейін батыс бағыты бойынша са­лынатын стансаларды іске қосамыз. Олар – «Достық», «Қалқаман» және «Батыс» авто­вок­залы» стансалары. Бұл автовокзал ірі жо­лау­шы тасымалдау орнына айналады. Одан кейін­гі жылдары қаланың төменгі бөлігіндегі «Райым­бек» стансасын созып, солтүстік бағыт бойын­ша жұмыс істейміз. Ол жақта ұзындығы 16,8 шақырымды құрайтын 9 станса салынады. Желі қала шетіндегі Қапшағай тасжолын жал­ғайтын «Солтүстік» автовокзалына дейін со­зылады. Метроның бірінші желісі іске қосыл­ғанда тәулігіне 185 мың жолаушы тасымалдауға мүм­кіндік туады. Бұл метрополитен үшін жақ­сы нәтиже», – дейді «Метропроект» ЖШС бас инженері Павел Московчук. Алматы бас жоспарын дамыту жобасында те­­­міржол желісін дамыту жайы да сөз болады. Әзірге бұл жобалардың бәрі талқыланып жа­тыр. Құжат әрі қарай бас тапсырыс беруші – қа­лалық әкімдікке ұсынылып, талқылау сосын қа­л­алық мәслихатта жалғасады.

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ