Қызылқоғаны су басу қаупі бар
Қызылқоғаны су басу қаупі бар
125
оқылды

Қалың қар еріп, қатты жауған жауыннан Миялы, Сағыз, Жан­­­­гелдин, Ойыл, Көздіғара, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық ок­­­ругтерінде кейбір көшені су басып, тұрғын үйлерге су кіріп ке­ту қаупі төнді. Тілсіз жау тіпті уақытша салынған көпірді бұ­за жарып, ауыл тұрғындарын үрейлендіріп тастады.

Ақтөбе облысынан бастау алып, Сағыз ауылының ішінен өтіп, «Қоңырсай» өзеніне құйы­ла­тын «Ноғайты» өзенінің деңгейі то­лассыз жауған нөсер жаңбыр сал­дарынан көтеріліп, Қызылқоға ау­данының сегіз мыңға жуық тұр­ғы­ны бар ауылына қауіп төндірді. Қызылқоға ауданы әкімінің орын­­басары Жарас Есен­ға­лиев­тің айтуынша, төтенше жағдайды жою мақсатында аудан әкімінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №69 «Та­биғи сипаттағы төтенше жағ­дай­ларды жою жөніндегі аудандық же­дел штаб құру туралы» өкімімен ау­дандық жедел штаб құрылды. Ке­шеден бастап кезекшілік ұйым­­дастырылып, жедел штаб ау­дан­дағы күш-құралдарды іске қо­сып, 2 вакуум КамАЗ, 1 тиегіш экскава­тор, 1 ГАЗ-66 ямобур, 1 Урал са­мос­­валы, 5 мотопомпа және 35 адам­нан құралған жеке құрам жұ­­­мылдырылған. Әрбір үйдің ауласына жинал­ған суларды арнайы техникалар­мен сору жұмыстары жүргізілуде. Қауіп төніп тұрған тұрғын үйлер ай­на­ла­сына қапшықтарға топы­рақ тол­тырылып, бөгеттер соғы­лып жатыр. Апатқа ұшыраған тұр­ғын үй­лер мен әлеуметтік нысандар жоқ. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары судың Сағыз ауы­лы­нан 1 шақырым қашықтықта Ақ­тө­бе –Атырау тасжолының ай­нал­­ма жол бойында уақытша са­лын­ған көпір үстінен өтуіне бай­ла­ныс­ты мәлімдеме жасады. – 25 наурыз күні «Ноғайты» өзе­­ні қардың күрт еруі салдарынан қат­ты деңгейде келіп, Сағыз ауы­лы­­нан 1 шақырым қашықтықта Ақ­­төбе – Атырау тасжолының ай­налма жол бойында уақытша са­лын­ған көпір үстінен өтіп кеткен. «ШанхайКонстракшнГрупп» ЖШС-нің техникаларымен кө­пір­ді су деңгейінен биіктетіп, қал­­­пына келтіру жұмыстары жүр­гізіліп, таңертеңгілік  уақытша кө­пір үстімен көлік қозғалысы қал­пына келтірілді. Әзірге қауіп жоқ, – деді Жарас Есенғалиев. Қатты ағынмен шайып өткен уа­қытша айналма көпірге 100 тон­на топырақ және 160 тонна қиыр­шық тас төгіп, көпірдің екі жағын бө­­­геу жұмыстары жүргізілген. Қа­­зір судың деңгейі түсіп, қауіп сейіл­­­ді. Дегенмен ауыл тұрғындары тіл­­­сіз жау ескертіп келмейтінін ес­­керіп, жергілікті билік тара­пы­нан бақылау мен бөгеттерді бе­кіту­ді сұрап отыр.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы