Елордада жексенбі күні автобустар жүрмейді
Елордада жексенбі күні автобустар жүрмейді
113
оқылды

28 наурыз күні Нұр-Сұлтанда қалаішілік  және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жұмыс істемейді. Бұл жайында City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жексенбі күні, 28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада және қала маңына қатынайтын автобустар елордада жүрмейтінін еске саламыз. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі»,– делінген компания хабарламасында.

Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қоғамдық көліктер қалыпты режимде жүреді.