Күлкі керуені
Күлкі керуені
Балық аулап отыр ауыл: «Балыққа Балықшының толтыр ауын!». Балыққа емес, Балықшыға Бас салады қолтырауын. *** Боран борап, Қар жауды. Ауа-райы қолайсыз ба? Тыз етіп, Табаныңнан сыз өтіп, Жаурап қалма абайсызда. *** Сурет салсаң, Сәндеңкіре. Әр бояумен Әрлеңкіре. *** Аңғал-саңғал Шоңқорамыз қаңырап тұр. Қоңы кетіп, тоңғасын, Қоңыр қозым маңырап тұр. Бұл-бізбіз. Шыж-быж болмай, «Сіз-біз» болып, Сызылып тұрған қызбыз. *** Жоңышқаға жайылған Жорғамды, Ажырыққа әкеп, Азырақ оттаттым. *** Үш-төрт бала бір-бірін Келе келеді біртүрлі. «Кімге кім күлді?» деп, Бір-біріне ұмтылды. Басы піспес баланы Етеді ме жұрт үлгі? *** «Әжеме керек көзілдірік!» Деп ойладым өзім біліп. Көзілдірікке қоса Қажетті Газетті әкеп, Әжемді мәз еттім. *** Қаңбақ Жаңғаққа ұқсамайды. Жаңғақ Қаңбаққа ұқсамайды. Қаңбағың-қаңғалақ, Жаңғағың-жаңғалақ. Қаңбағыңда мəн жоқ, Жаңғағыңдай дəн жоқ. Ат жемейтін Ащы шөптің Шыққанынан Шықпағаны жақсы ма? Шықпағанынан Шыққаны жақсы ма? *** Домбай мен Омбай Дойбы ойнады. Омбай оңбай ұтылып, Ойбайлады. Ойбайлаған Омбайға Домбай қой-қойлады. *** Ауым-сауым, Ұйпа-тұйпа, Салдыр-салақ. Бұл кім? Кеп тұр күлкім. *** Жып-жинақы, Тап-таза, Түп-түзу. Бұл кім? Ұқыпты болуға ұмтыл!                          

 Көпен ӘМІРБЕК