Әйелі бар еркекті сүй

Әйелі бар еркекті сүй

Сан пікірлер айтылса да үйде мың, Сен алаулап өртенбегін, күймегін. Шын жүрегін ұсынса да тізерлеп, Үйленбеген сен бойдақты сүймегін!   Олар босқа өртенбейді, күймейді, Жаса оған мың құрмет, сый мейлі. Саған дейін ешкімді де сүймеген, Сені де ол жақсы көріп, сүймейді.   Талай-талай жүректерді өртепті, Көрінгенмен мінезді де өр, текті. Сүйе көрме «сүй» десе де жалынып, Әйелдері өліп қалған еркекті.   Құлағың сал әңгіменің жөніне, Сүйе көрме ол еркекті тегінде. Үйреншікті әдетімен бір күні Көрге тығар күйіп, сүйіп сені де!   Үмітіңнің желпілдейді етегі, Осы болар еркектердің бөтені. Сүйе көрме ажырасқан еркекті, Сенімен де ажырасып кетеді.   Махаббатқа жан-тәнімен берілген, Өзгелерді сүюге де ерінген. Әйелі бар еркекті сүй, сүйсең сен, Махаббаттың орын алған төрінен.   Махаббаттың пернесі де, тиегі ол, Осы еркекке шын мәнінде ие бол! Басқа жаққа мойынын да бұрмастан Әйелін де, сені де адал сүйеді ол!  

ГИПЕРМАРКЕТ

«Тарлан» сыйлығыныңиегері ақын, драматург, сазгер Исраил САПАРБАЙҒА

  Сұлулыққа бас иіп, құлдық ұрған, Көңілдегі күдікті мұңды қуған. Жүрген жері сезімнің айдын көлі – Ойын-сауық, Кездесу, Жырлы думан.   Өлең де бар, ән де бар, драмасы: Жиынтығы өнердің – құрамасы. Поэзия дейтұғын ну орманның Эротика – өзгеше бір ағашы.   Ғашық болып үйренген бала жаста-ақ, Сұлу көрсе қиырға ала қашпақ. Ну орманда өзгеше сол ағашты Өлеңімен келеді жалаңаштап.   Әдебиетке бергені, алғаны бар, Қанжығада сыйлығы – «Тарланы» бар. Қол босында кетеді шар қуалап, Бильярдтан да бәйге алу – арманы бар.   Қажымайды, талмайды, шаршамайды. Өмірді ол отты өлең, ән санайды. Басы ауырар жыл сайын концерт қойып, Әнге бөлеп тұрмаса Кең сарайды.   Оңға басып келетін ісі дәйім, Жалықпайтын жазудан – күші дайын. Бар дүние ішінен табылатын Гипермаркет сияқты Исраил.

Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛЫ