Сәуірде елімізге коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 миллион дозасы жеткізіледі
Сәуірде елімізге коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 миллион дозасы жеткізіледі
115
оқылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Қазір Қазақстан бойынша 150 мың доза жеткізіліп жатыр. 600 мың доза өндіріліп шығарылды, яғни 750 мың доза Қарағанды зауытында бар деп айтуға болады. Енді оның барлығын өңірлерге жеткізу керек. Менің ойымша, апта ішінде бұл жұмыс іске асырылады.

Бұдан бөлек, алдағы айға 1 млн дозаны Қарағанды фармацевтика зауыты елге арнап шығарады, оған қоса 2 млн доза бар. Атап айтқанда, сәуір айында 3 млн доза елімізде болады»,– деді А.Цой Алматыда өткен КВИ-мен күрес мәселелеріне арналған жиында.

Сонымен қатар оның айтуынша, Pfizer вакцинасын жеткізу үшін келіссөздер жүріп жатыр екен.