Жаңаөзенде терроризмге қарсы операция өтті
Жаңаөзенде терроризмге қарсы операция өтті
90
оқылды

Желіде Жаңаөзенде түсірілген қарулы полиция қызметкерлерінің видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қала аумағында терроризмге қарсы операция жүргізілгенін айтты. Бұл жайында Lada.kz сайты  хабарлады.

Жаңаөзен полициясы 25-26 наурыз аралығында арнайы операция жүргізді.

"Қала тұрғындарынан үрейленбеуін сұраймыз. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына түсіністік танытып, мүмкіндігінше оларға көмек көрсетуге тырысыңыз",– деді баспасөз қызметіндегілер.

Олар қала тұрғындарынан иесіз сөмке, қорап, сүлгі, шабадандарға және басқа да заттарға, әсіресе оларда сымдар болса назар салып жүруді сұрады. "Күдікті заттарды ұстамаңыз және белгісіз біреулер ұсынған заттарды сақтауға немесе тасымалдауға алмаңыз",– деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.