Ақмола облысында мұз жару жұмыстары басталды
Ақмола облысында мұз жару жұмыстары басталды

Алғашқылардың бірі болып Көкшетаудағы Қопа көлінің мұзы арнайы жарылғыш заттың көмегімен ойылды. Бұл су айдынына – Қылшақты өзені келіп құятын тұсы. Былтыр осы өзен арнасынан тасып, маңайдағы үйлерді су басқан еді.

Мамандардың айтуынша, биыл олар тасқынға тас-түйін дайын. Күзде өзен жағасында орналасқан 2 мектеп пен 100-ден астам баспананың маңайы инертті материалдармен қоршалған. "Апат айтып келмейді" дегендей аудандардағы жағдай да қиын болуы мүмкін. Өйткені аймақта 125 елдімекенді су басу қаупі бар. Қардың жаппай еруі, сәуір айының 10-ынан кейін басталады, деп болжануда. Оған дейін алдын алу шаралары жүргізіледі.

 – Қазір ең қауіпті аудандар бізде мынау: Целиноград, Аршалы ауданы, Атбасар ауданы, Көкшетау қаласы және Сандықтау ауданы. Бүгіннен бастап сол жерлерде жергілікті атқарушы органдары, төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мұз жару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сәуір айының басында ол аудандарға біздің департаменттің, ТЖД күштері жіберіледі,– облыстық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.