Полиция қызметкерлері автокөліктен ұрлық жасауда күдік келтірген жас жігітті ұстады
Полиция қызметкерлері автокөліктен ұрлық жасауда күдік келтірген жас жігітті ұстады
85
оқылды
Полицияға ұрлық туралы шағыммен елорда тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу түнгі уақытта оның «Фольксваген Пассат» маркалы автокөлігінің ішіне кіріп, магнитофонды ұрлаған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 31 жастағы азамат ұсталды. Полицияға жеткізілген ер адам үйлердің ауласын аралап, дабылмен жабдықталмаған көліктерді әдейі іздегенін айтты. Ол Московская көшесінің бойындағы үйдің қасынан өтіп бара жатқан кезде есігі жабылмаған автокөлікті байқаған. Автокөліктің ішіне кіріп, магнитофонын ұрлап, досына сыйлаған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның бұрын елорда аумағында жасалған қылмыстарға қатысының бар-жоқ екені тексерілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті дабыл орнатылмаған немесе иелері ашық қалдырған автокөліктен ұрлық оңай жасалатынын ескертеді. Себебі көліктен көбінесе жеке заттар, ұялы телефондар мен ноутбуктер ұрланады. Автокөлік ұрлықтарына жол бермеу мақсатында көлік құралдарын күзет дабылы жүйесімен жабдықтау қажет екенін, сонымен қатар, автокөліктерді күзетілетін тұрақтарға немесе бейнекамералардың объективі қамтитын жерлерге қоюды ескертеді.

Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі