«Қазақконцерт» ұйымы «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты
«Қазақконцерт» ұйымы «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты
123
оқылды
Бүгін «Қазақконцерт» ұйымы дүние жүзіндегі ең ауқымды бастама – «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты. Сағат 20:30-да «Қазақконцерт» ұйымына қарасты еліміздің ең үлкен «QAZAQSTAN» орталық концерт залы ішкі және сыртқы жарық құралдарын сөндірді. Әлемнің үздік архитектуралық жобасы болып саналатын «QAZAQSTAN» концерт залы экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Жалпы, дүние жүзіне танымал акцияға жыл сайын 180 елден миллиондаған адам қатысып, 1 сағатқа жарық құралдарын өшіреді. Олардың қатарында Бәйтерек монументі, Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей сияқты әлемнің танымал сәулет ескерткіштері де бар. Бір сағаттық акция ғаламшарды бірден қалпына келтірмесе де, ауаны ластайтын электр қуатын бір сағатқа тежеп, қашықтыққа қарамастан адамзаттың бірлесуіне өз үлесін қосады. https://www.youtube.com/watch?v=19BEwb3FGyg