Қазақстанда LADA өндірісі қайта жанданады
Қазақстанда LADA өндірісі қайта жанданады
164
оқылды
Қазақстанда LADA маркалы автокөлік өндірісі қайта жанданады. Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесу барысында "Аллюр" компаниялар тобы ресейлік "АвтоВАЗ" компаниясымен келісімге қол қойды. Бұл туралы Рrimeminister.kz хабарлады. Құжат аясында Қостанайда Қазақстанда қолданылатын нормативтік базаға толық сәйкес келетін жергілікті нарық үшін қажетті көлемде LADA желісін шығару басталады. "Мен Қазақстанда LADA жергілікті өндірісін қайта бастауға шын жүректен қуаныштымын. Қысқа мерзімде серіктестеріміздің кәсіби тәсілдерінің арқасында біз ынтымақтастық туралы келісімді дайындап, оған қол қоя алдық, сондай – ақ Niva Travel жол талғамайтын көлігінің алғашқы моделін өндіріске енгізе алдық. Алдағы айларда Қостанай зауытында LADA-ның басқа да модельдері шығарыла бастайды. Қазақстан - АвтоВАЗ үшін негізгі экспорттық нарық. Біз жаңа серіктеспен бірлесе отырып, осы жерде брендіміздің қатысуын одан әрі нығайтуға ниеттіміз", - деді "АвтоВАЗ" президенті Ив Каракатзанис. [caption id="attachment_123404" align="aligncenter" width="1200"]автокөлік, өндіріс, машина Фото: Рrimeminister.kz[/caption] Премьер-Министр «КАМАЗ», «Татнефть», «АвтоВАЗ» және «KIA Motors» компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.